Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының бұйрығы бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 13.03.2025 жылғы № 381 бұйрығымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы Махамбетов Ерік Оралбекұлына 50300 – Білім ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Профессорды ғылыми атағымен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!