РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті еліміздегі конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарға дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, университетте «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарға арналған республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Модератор ретінде Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Тұрлыбек Аслан жүргізді. Сонымен қатар қонақтарға сөз беріп, алғашқы сөзді «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бакиров Бауыржан және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімінің бас маманы Қалмырзаев Асылхан өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және заманымыздың күш көрсету, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге ықпал ететін болады. Біздің еліміз этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша үлкен тәжірибеге ие және осы салада әрдайым тиімді ынтымақтастыққа дайын» деді А. Еділханұлы.

Шара соңында студенттер спикерлерге сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Студенттер дін жайлы пайдалы ақпараттар алды.

ду11111

ду22222

ду3333

ду4444

ду5555

ду66666

ду7777

ду8888

ду9999

 

Прочитано 17 раз
Top