ПСИХИКАЛЫҚ САУЛЫҚТЫ САҚТАУ НЕГІЗДЕРІ

Университет қабырғасында Әлеуметтік жұмыс басқармасы мен «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің бастамасымен «Психикалық саулықты сақтау негіздері» тақырыбында психолог мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге  Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірім үйі» психологы Гулжан Ибраимова, Әлеуметтік жұмыс басқармасының психологы Шынар Буйембаева, «DU UNION» студенттік парламетінің президенті Асель Тоқпанова және студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – жас буынға адам өміріндегі ең маңызды тұлға ретінде қалыптасуы мен бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын психологиялық денсаулық екенін жете түсіндіру. Студенттер арасында сенімді және достық атмосфераны қалыптастыру, эмоционалды сауаттылықты дамыту арқылы әлеуметтік орта құруға ықпал ету.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек жүргізді. Ол өз сөзінде, адамның психологиялық қауіпсіздігі қазіргі таңда өте өзекті екенін тілге тиек етті. Білікті мамандардың дәрісі тек психологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін ашып қана қоймай, психикалық денсаулықты сақтау бойынша нақты әдістерді де ұсынатынын жеткізді.

Жиын барысында мамандар психикалық саулықты сақтау дағдыларының негізгі аспектілері, өзін-өзі тану мен өзіне деген сенімділіктен бастап, күйзелісті басқару мен ішкі тепе-теңдікті сақтауға дейінгі мәселелер жайында сөз қозғады. Білімгерлерге психологиялық саулықты сақтау жолдары мен күйзелісті төмендету техникалары, эмоциялық интеллекттің маңыздылығы, психоэмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, психологиялық атмосфераны құрудың маңыздылығын, оның жеке өмір мен кәсіби қызметтегі рөлін ерекше атап өтті. Болашақ маман ретінде қалыптасу кезеңіндегі жас буын үшін бұл білімдер әлемдегі өзгерістер мен қиындықтарға бейімделуге көмектесетінін баса айтты.

Кездесу соңында мамандар толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Білімгерлер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

саулык1111

саулык3333

саулык4444

 

Прочитано 66 раз
Top