ҒАЛЫМДАРҒА ОҚУ КУРСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында 2026 жылы ашылатын зертханаларды ғылыми-техникалық тапсырмалары бойынша жүзеге асатын қызмет түріне аккредиттеу туралы куәлік алу үшін бас ғылыми қызметкерлер мен жауапты ғалымдарға аккредитациядан өту жөнінде оқу курсы ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Коммерцияландыру бөлімі.

Оқу курсының негізгі мақсаты – бас ғылыми қызметкерлермен жауапты ғалымдарды мега жобаның әр бағыттары бойынша ғылыми-технологиялық және құрылатын инжинирингтік орталықтар үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нақты мақсаттарын шешуге дағдылау. Түрлі эксперименттер жүргізу арқылы алынатын нәтижелерді талдап, олардың ғылыми маңыздылығын анықтау.

Оқу курсын «KazLabConsult» ЖШС–ның аккредитация жөніндегі менеджері Гаухар Джаманбаева жүргізіп бастады. Аккредитациядан өту курсы бір аптаға жоспарланған. Апта бойы «KazLabConsult» ЖШС–ның білікті мамандары 7 бағыт бойынша оқу курсын өткізетін болады.

оку к111

 

Прочитано 52 раз
Top