ИСПАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Дулати университетіне жұмыс сапарымен Испания мемлекетінде орналасқан Уэльва университетінің «Қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп және операцияларды басқару» кафедрасының профессоры Хуан Карлос Инфанте Моро келді.

Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова Испаниялық ғалыммен кездесіп, жұмыс жоспары мен екі университет арасындағы білім беру, ғылыми іс-қимыл саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, испан тілінің дамуы, білім беру бағдарламалары және екіжақты диплом, ынтымақтастықтың болашақ перспективалары жайлы сөз қозғалды. Бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу жайлы жоспарлар құрылды.

Профессор Хуан Карлос Инфанте Моро «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттермен танысып, бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ. Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

испан111

испан2222

испан3333

 

Прочитано 28 раз
Top