КУЛЬЖАМИЛА ЖОЛДАСОВА АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

Оқу ордамызда «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің бастауымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры - Кульжамила Жолдасова атындағы робототехника аудиториясы ашылды.

Аудиторияның ашылу салтанатында  Кардиоклиника меңгерушісі, академик Сейтхан Жошыбаев және Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Ләззат Еркінбаева лентаны қиды.

Белгілі тұлғалардың есімімен аудитория ашу университетімізде қалыптасқан дәстүр. Аудитория ашудағы басты мақсат – ұлы тұлғалардың өмірі, шығармашылығы мен қайраткерлігін  жастарға насихаттау.

Аудиторияның ашылуына Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Куләш Абдикешова, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева, Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» басқармасының төрағасы Калилла Абдуллаев, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек  сынды құрметті қонақтар мен әріптес-замандастары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Жиынды Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Ләззат Еркінбаева ашып, ғалымның оқу-білім жолында атқарған еңбегі мен университеттің дамуына қосқан елеулі еңбектері жайлы сөз қозғады. Аяулы ұстаздың мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтап, еліміздің ғылымы мен білім сапасын арттыруға қосқан орасан зор үлесін ерекше ықыласпен жеткізді.

Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек құттықтау сөз алып, ғалымның ұйымдастырушылық дарыны, кәсіби біліктілігі, қажырлы еңбегі мен қоғамның зияткерлік тұрғыда дамуына қосқан зор үлесі университет тарапынан әрқашан жоғары бағаланатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Жамбыл облысы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен «Білім берудегі робототехника - оқытудағы инновациялар» атты жоба байқауының жеңімпаздарын марапаттап, ізгі тілегін жеткізді.

Кардиоклиника меңгерушісі, академик Сейтхан Жошыбайұлы өзінің құттықтау сөзінде, профессор Кульжамила Жолдасқызының тамаша ұйымдастырушылық шеберлігі мен жоғары кәсіби біліктілігі туралы сөз қозғады. Арнайы келген қонақтар ғалымға жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Кульжамила Жолдасқызы университет басшылығына ерекше алғысын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да жоғары көрсеткіштерді бағындыратынына сенім білдірді. Аталған аудитория студенттердің сапалы білім алуына себепші болары анық.

кабинет1111

кабинет2222

кабинет333

кабинет444

кабинет5555

кабинет666

кабинет777

кабинет8888

кабинет9999

кабинет10 10

 

Прочитано 84 раз
Top