ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Университет қабырғасында Әлеуметтік жұмыс басқармасы мен «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының ұйымдастыруымен «Психологиялық қауіпсіздік – психикалық денсаулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Қазақстан студенттер альянсының филиал төрағасы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің студенттік омбудсмені Дархан Байпақ, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының психологы Ғалия Абдісаттар, Әлеуметтік жұмыс басқармасының психолог маманы, «Педагогикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы Шынар Буйембаева, Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Ұлтанбаев және студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – жас буынға адам өміріндегі ең маңызды тұлға ретінде қалыптасуы мен бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратын психологиялық денсаулық екенін жете түсіндіру. Депрессиядан зардап шегетін немесе оған бейім адамдарға өзін-өзі құрметтеу мен жақсы көру принциптері жайлы кеңес беру.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек жүргізді. Ол өз сөзінде, адамның психологиялық қауіпсіздігі қазіргі таңда өте өзекті екенін тілге тиек етті. Білікті мамандардың дәрісі тек психологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін ашып қана қоймай, психикалық денсаулықты сақтау бойынша нақты әдістерді де ұсынатынын жеткізді. Психологиялық қауіпсіздік пен психикалық денсаулық концепцияларын білу және тәжірибеде қолдану кәсіби тұрақтылық пен табысқа жетудің маңызды құралы болатынын сөз етті.

Жиын барысында мамандар психикалық денсаулықтың негізгі аспектілері, өзін-өзі тану мен өзіне деген сенімділіктен бастап, күйзелісті басқару мен ішкі тепе-теңдікті сақтауға дейінгі мәселелер жайында сөз қозғады. Білімгерлерге күйзелісті төмендету техникалары, эмоциялық интеллекттің маңыздылығы, психоэмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Мұндай тәжірибелер емтихандар, маңызды жобаларға және болашақ кәсіби қызмет кезеңдерінде өте өзекті екенін жеткізді. Сонымен қатар, психологиялық атмосфераны құрудың маңыздылығын, оның жеке өмір мен кәсіби қызметтегі рөлін ерекше атап өтті. Болашақ маман ретінде қалыптасу кезеңіндегі жас буын үшін бұл білімдер әлемдегі өзгерістер мен қиындықтарға бейімделуге көмектесетінін баса айтты.

Кездесу соңында мамандар толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, білім алушыларға ішкі жағдайды басқара білу жайлы кеңестер беріліп, өмірді жақсарту жолдарын таңдау әркімнің өз қолында екендігін жеткізді.

су1111

су2222

су3333

су4444

су5555

су6666

су7777

 

Прочитано 55 раз
Top