Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің ғылым комитеті мен «Ғылым қоры» АҚ – на коммерцияландыру бөлімінің есебі бойынша онлайн форматта кездесу өткізді.
Zoom платформасында ұйымдастырылған басқосуда Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Рамазан мен министрдің жобаларды коммерцияландыру мәселелері бойынша кеңесшісі Әбділдә Шаменов, «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директорының міндетін атқарушы Айжан Жексембаева, «Ғылым қоры» АҚ Инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің менеджері Зарема Жахаева, «Ғылым қоры» АҚ шағын гранттарды коммерцияландыру бөлімінің басшысы Әсел Омар қатысты.
Кездесудің мақсаты – коммерцияландыру бөлімінің құрылымымен танысып, бөлімнің мақсаттарын, алдағы жылдардағы қызмет бағыттарын, негізгі міндеттері мен болашақ жоспарларын талқылау. Сонымен қатар, Коммерцияландыру жобаларын ілгерілетуге ынтымақтыстық танытып, қол ұшын беру.
Кездесу барысында Ғылым және білім министрлігінің ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Серікұлы бөлімнің есебін тыңдау арқылы ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты. Өз кезегінде көкейіндегі сұрақтарын қойып, алдағы уақытта кездесулерді жиілетіп отыруды сұрады.