SHAKHMARDAN YESSENOV FOUNDATION 20 СТУДЕНТКЕ АЙ САЙЫН 70 000 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Бағдарлама қатысушылары:
- Қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері
- Медициналық ЖОО үшін бакалавриаттың 2-5 курс студенттері
- 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Шәкіртақы саны: 20
Ш.Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер:
- Қордың ресми сайтында – yessenovfoundation.org онлайн өтінімді толтыруы керек.
- Өтінімге келесі құжаттарды қоса тіркеуі қажет:
Міндетті құжаттар:
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе. (Microsoft Word форматында);
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес), (балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды);
- Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.
Қосымша құжаттар:
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Өтінімдер 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап 4 наурызына дейін қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 4 наурызында сағат 15:00-де (GMT+5) аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Бағдарлама және конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат академик Ш. Есенов атындағы 2025 стипендиялық конкурс туралы ережеде қамтылған!