Университет қабырғасында «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс ұйымының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» интеллектуалды ойыны өтті.
Ойынның мақсаты – жастар ұйымдары мен студенттік деканаттар арасында бірлікті нығайту арқылы білімді дамыту.
Ойынға 50 белсенді студент қатысып, өзара бақ сынады. Ойын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, әртүрлі стратегиялар мен идеяларды талқылады. Әрбір қатысушының ой-өрісі мен көшбасшылық дағдылары сынға түсіп, командалық жұмыс пен бірліктің маңызы айқын көрсетілді.
Ойын нәтижесі бойынша;
- 1 орын - «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті;
- 2 орын - «10ted.dulaty» көпсалалы ұйымы;
- 3 орын - «DU UNIVERSE» көпсалалы жастар ұйымы иеленді.
Жеңімпаз командаларды құттықтап, сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!