×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ»

 

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен 27 ақпан күні №48 орта мектеп оқушыларымен «Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігінің даму болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуге кафедра ұжымы мен ҚР ҰКП «Атамекен», «Бастау Бизнес» жобасының Жамбыл облысы Байзақ және Меркі аудандары бойынша бизнес тренерлері Искакова Г.Қ., Алтаева Г. қатысты.

Жастарды кәсіпкерлікке тарту тұтас ел үшін де, Қазақстанның жекелеген аймақтары үшін де өте өзекті. Өз бизнесімен айналысу жастардың өмірлік ұстанымдарын нығайтып, әлеуметтік жауапкершілік, маңызды шешімді қабылдай білу, өзін өзі қамту сияқты қажетті қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды. Ел экономикасының қарыштап дамып келе жатқанын ескерсек, өркендеу мен еңбек өнімділігін арттыруда жастар кәсіпкерлігін, оның ішінде инновациялық бағытты дамыту айрықша мәнге ие. Өйткені ортақ мүдде жолында барлық тарап бірігіп қимылдаса, қолда бар мүмкіндікті одан әрі кеңейтуге жол ашылады. Жастарға кәсібінің нағыз маманы болуға және өз бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік пен жағдай жасасақ болғаны. Ал табысты болу жас кәсіпкердің еншісінде.

«Жас келсе, іске» демекші, жастардың жастық жігерін, сарқылмас күш-қуатын еліміздің өркендеуіне жұмсайды деген үмітіміз зор»,- деп қорытындылады.

Кездесу барысында сұрақ-жауап алмасып, оқушылар өздерінің тәжірибесімен бөлісуге келген қонақтарымызға сұрақтарын қойып, белсенді қатысып отырды. Сонымен бірге кәсіптік бағдар беру жұмысын, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына университет мамандықтары туралы мәліметтер берілді. Оқушылар алған материалдарымен танысып, түсінбеген мәселелер бойынша сауалдар қойды.

«Экономика» кафедрасының

 аға кураторы                                                                Т.Ж.Маханов

Прочитано 2328 раз
Top