ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ERASMUS + БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Дулати университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы 2025 жылға арналған негізгі инновациялар мен қатысу мүмкіндіктеріне арналған Erasmus+ бағдарламаларының ақпараттық күнін өткізді.

Іс-шараға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты.

Erasmus+ - Еуропалық Одақтың білім беруді, кәсіби дайындықты, жастар саясатын және спортты қолдауға бағытталған бағдарламасы. Аталған бағдарлама халықаралық байланыстарды нығайтуға және академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік береді.

Басқарма мүшесі - стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Есімова Шолпан университетті халықаралық аренада таныту үшін Erasmus+ бағдарламаларына қатысудың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаның үлкен перспективалар ашатынын, тұрақты жобаларды құруға және ұзақ мерзімді академиялық байланыстарды дамытуға көмектесетінін айтты.

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гулнур Болатбекқызы Erasmus+ және Жан Монне бағдарламалары бойынша презентация дайындады.

REILEAP және TEX4FUTURE жобаларының жетекшілері Джумабекова Гүлзира Балтабайқызы мен Абзалбекұлы Бекжан өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар халықаралық жобаларға қатысудың білім беру үдерісіне әсері туралы баяндады.

Қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, еркін форматта пікір алмасты және алдағы уақытта бағдарлама қатысу туралы ниеттерін білдірді.

ерармус1111

ерармус2222

ерармус3333

ерармус4444

 

Прочитано 58 раз
Top