Дулати университетінің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті» Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен өңірлік кәсіпкерлерлермен семинар өтті.
Семинарға Жамбыл облысының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, ЖШС «Alima Delux» компаниясының директоры Алия Комекбаева, «Жасмин» СХПК директоры Асана Шокатаева, өңірлік кәсіпкерлер мен университеттің ғалымдары қатысты.
Семинардың мақсаты – кәсіпкерлердің бизнес идеяларын әрі қарай дамыту жолдарын сұрыптап, ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылау. Сонымен қатар, университет ғалымдарымен бірлесу арқылы қаржыландыру мөлшері 350 млн. теңгені құрайтын коммерцияландыру жобаларының байқауына қатысу мүмкіндігін қарастыру.
Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев сөз алып, кәсіпкерлердің ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру маңызды екенін айтты. Бұл қадам қосылған құнды арттыруға, бизнестің және жас кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға жол ашатынын жеткізді.
Семинар барысында мамандар қаржыландыру жобалары мен тиімді бизнес идеялар жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 2024-2026 жылдарға арналған Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру жобасының 350 млн. тенгелік жеңімпазы «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры п.ғ.к. Рысты Керімбаева ұтысты жобаның қоғамға ықпалы жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Семинар соңында қонақтар университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғыстарын білдіріп, тиімді кездесулер өзара ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, инновациялық зерттеулерді ынталандыру және академиялық байланыстарды кеңейту арқылы жоғары білім мен ғылымның дамуына ықпал ететіні жайлы сөз етті.