ҒЫЛЫМИ МОНОГРАФИЯНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылыми жоба еңбектері - монография» атты республикалық шара өтті.

Республикалық вебинарға ЖОО-ның белді ғалымдары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, болашақ педагогтер және магистранттар қатысты.

Вебинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру конкурсының АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту барысында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты ғылыми жоба аясында жүзеге асырылды.

Жоба авторлары Клара Жайдарбекқызы және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы Асель Беделбаеваның «Қазақстан Республикасында коллаборативті цифрлы білім беру ортасында болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру: теория және әдістеме» атты монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Монографияның тұсаукесерін Дулати университетінің профессоры, п.ғ.к. Пернайым Сағымбекқызы және жас ғалым Қанат Үрістем салтанатты түрде лентаны қиды.

Клара Жайдарбекқызы вебинарды құттықтау сөзбен ашып, ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жарық көрген монографияның мазмұны құнды деректерге толы екенін ерекше атап өтті. Аталған туынды ғылыми жоба аясында жасалған шаралардың инновациялық формаларымен ерекшеленіп қана қоймай, болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыруда маңызды құрал екенін жеткізді.

Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы монографияның терең мазмұнына тоқталып, мамандардың цифрлық құзыреттіліктердің даму профилі мен деңгейлері бойынша әлемдік тәжірибе арқылы зерттеуге мүмкіндіктері бар екенін айтты. Сондай-ақ, жаһандық білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи трендтері және цифрлық коллаборацияның басым бағыттарын айқындау арқылы цифрлық платформалар мен технологияларды жоғары деңгейде игеруге болатынын тілге тиек етті.

Вебинар соңында қонақтар университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімдерін білдірді.

монография 1111

монаграфия22222

монаграфия3333

монаграфия4444

монгаграфия55555

 

Прочитано 161 раз
Top