АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Педагогика» кафедрасы Жамбыл облысы Байзақ ауданының Көктал жалпы орта білім   беретін мектебінде «ЖОО-МЕКТЕП коллаборациясы: Заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында аймақтық тәжірибелік семинар өтті.

Семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында ұйымдастырылды.

Семинарға ЖОО-ның танымал ғалымдар, оқытушылар, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары, педагогикалық қауымдастық өкілдері және болашақ педагогтер қатысты.

Семинардың мақсаты – жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердің ынтымақтастық байланысы негізінде педагог кадрларды дайындау сапасы арттырып,   тиімді жолдарын айқындау. Озық әдістемесін ұсыну арқылы коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуде жаңашыл ұстаздардың инновациялық іс-тәжірибесін зерттеу, насихаттау және тарату.

Аймақтық тәжірибелік семинарды Жамбыл облысы Байзақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мұрат Ускенбаев ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Дулати университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Айсулу Тұрарова сөз алып, цифрлық платформалар мен технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын айтып, қатысушыларға жылы лебізін жеткізді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., жоба жетекшісі Клара Жайдарбекқызы сөз алып, Жаңа Қазақстан жағдайында болашақ педагогтерді сапалы дайындау, жалпы орта білім беретін мектептің білім сапасын арттыру үшін   ЖОО-МЕКТЕП ынтымақтастық байланысы негізінде ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлескен-коллаборативті зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Аймақтық тәжірибелік семинар барысында ЖОО-МЕКТЕП коллаборация негізінде инновациялық педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу бағытындағы оқу-әдістемелік жұмыстарды бірлесе атқару мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогика» кафедрасы мен Көктал орта мектебі арасында ынтымақтастық Меморандумға қол қойылды.Сондай-ақ, «Педагогика» кафедрасының бастамасымен Көктал орта мектебінде Дулати педагогикалық сыныбы ашылды.

Аймақтық тәжірибелік семинарда 7 педагогикалық коворкинг белсенді жұмыс жасап, педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмек беретін https://edu-collaboration.kz/ білім беру порталы таныстырылды.

Семинар соңында қатысушылар еркін форматта сауалдарын қойып, аймақтық тәжірибелік семинардың ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

аймак сем11111

аймак сем2222

 

Прочитано 68 раз
Top