ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында «Эканомика және құқық» факультетінің бастамасымен Тараз қаласы Прокуратурасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Тараз қаласы Прокуратурасының бөлім прокуроры Асылхан Әбітбеков және Жамбыл облысы Прокуратурасының іс-жүргізу жөніндегі инспекторы Бақыт Махмутов, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – құқық қорғау қызметінде жұмыс істегісі келетін және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосуға ниетті  білімді, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту және жаңарту. Сонымен қатар, қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселінің өршіп тұрғанына байланысты, қоғамға, халыққа осы дерттің зардабын түсіндіру.

Кездесу барысында спикерлер бітіруші түлектерге департаменттің атқаратын жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша департаментте жұмыс істеу үшін қажет талаптар, Құқық қорғау органдары академиясына түсу ережелері туралы толықтай түсіндіріп өтті.

Мамандар студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, «синтетикалық» есірткіден төнетін қауіп, жаңа психоактивті заттардың таралуы жайлы сөз қозғады. Жастардың өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланды. Спикерлер есірткіге қатысты ахуал, жасөспірімдермен және жастармен профилактикалық жұмыс әдістерін жүргізіп, білімгерлер есірткі затын тарату, оны қолдану мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.

Кездесу соңында мамандар айтылған мәселелерді өздерінің жанындағы құрбылары мен достарына жеткізіп, оларды да есірткіден аулақ болуға үндеді.  Студенттер толыққанды мағлұматтар алып,өз қызығушылықтарын білдірді.

тусындырме11111

тусындырме2222

 

Прочитано 89 раз
Top