ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАРАПАЙЫМ ҰҒЫМ

Университет қабырғасында «Қаржылық сауаттылықты дамыту: кедергілері мен кемшіліктері» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өтті. Ұйымдастыру комитеті: «Экономика және құқық» факультеті «Қаржы және есеп» кафедрасы.

Кездесуге Jusan Банк, Forte Банк, «Қазақстан Халық» Банкі және «Еуразиялық» банк өкілдері, Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары, қаржы саласының мамандары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – жас буынның қаржы саласындағы білімдерін кеңейтіп, сауаттылығын арттыру арқылы қызықты ақпараттармен бөлісу.

«Экономика және құқық» факультетінің деканы Қайрат Ернишев қонақтарға жылы лебізін білдіріп, өскелең ұрпаққа қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін негізгі факторлар арқылы ең қажетті білімді беріп, барынша дайындау басты міндет екенін тілге тиек етті.

Басқосуда Қазақстанға танымал қаржы саласының мамандары баяндама жасап, тұшымды ойларымен бөлісті. Ұлттық валютаның ел экономикасындағы тұрақты дамуының негізгі элементтері жайлы сөз қозғап, қаражатты қалай жұмсау керектігі жайында толық ақпарат берді. Өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажеттігі жайлы тың ақпараттармен бөлісті. Халықтың несиеге батуы, қаржы пирамидалары, күмәнді инвестициялар және онлайн алаяқтары туралы кеңінен талқыланды.

Банк өкілдері жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін қаскөйлер қолданатын фишинг және әлеуметтік инженерия сияқты цифрлық дәуірде жиі кездесетін қаржылық алаяқтық схемалары жайлы сөз қозғады. Қатысушыларға жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы мен көп деңгейлі аутентификацияны, соның ішінде екі факторлы және биометриялық аутентификацияны қолдану арқылы тәуекелдерді барынша азайту жолдары түсіндірілді.

Семинар соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.

халык банк1111

халык банк22222

халык банк333333ъ

халык банк44444

халык банк55555

 

Прочитано 28 раз
Top