ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

Дулати қабырғасында БББ-Тарих, БББ-Тарих және география кафедрасының PhD докторы Идрисова Гульжан Бердимбаевна және тарих магистрі, аға оқытушы Кобесова Акнур Смаиловнаның ұйымдастыруымен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға облыстың қала, аудан колледждері, ауыл мектептерінің оқушылары мен жетекшілері, соны мен қатар университетіміздің 1-4 курс тарих мамандығының студенттері қатысты.

Конференция мақсаты: Жошы ұлысының құрылу тарихы мен саяси-мәдени оқиғалары және Жошы ұлысының қазақ мемлекеттілігі негізі ретіндегі көшпелілер мәдениеті мен әлемдегі рөліне байланысты зерттеулер мен тұжырымды ойлармен бөлісу. Өскелең оқушылар мен студенттерге Жошы ұлысының Қазақ халқының тарихындағы маңызы мен мазмұнын көрсете отырып насихаттау.

Конференцияда «Тарих» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы, «Философия және саясаттану» кафедрасының ардагер ұстазы, ф.ғ.к., доцент Жуншеев Расылхан Ербосынұлы және «Тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Максутова Альбина Абеновна, PhD доктор Идрисова Гульжан Бердимбаевна, тарих магистрі Кобесова Акнур Смаиловна қатысып тақырыпқа байланысты өздерінің ғылыми зерттеу ойларымен бөлісіп оқушылар мен студенттерге сәттілік пен табыстар тіледі.

Жүлделі болған оқушылар мен студенттерге диплом және сертификаттар табысталып, жетекші мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды.

Жамбыл облысы Меркі ауданының Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектепінің 10 сынып оқушысы Төлеу Ералы мен жетекшісі Ахбанбетов Ренат Азимханұлы, «Тарих және география» кафедрасының Білім берудегі тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының 2 курс студенті Асылбек Нұрасыл жетекшісі Идрисова Гульжан Бердимбаевна, Жамбыл облысы Жуалы ауданы КМҚК №16 Жуалы колледж студенті Шынтуреева Жулдыз жетекшісі Аширбаева Майра Аскарбаевна, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының «Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің» 1 курс студенті Қуандық Ажар жетекшісі Сарыбаева Жулдыз Касымовна, Тараз қаласы Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің 11 «В» сынып оқушысы Жұмабеков Нұрдәулет Мухтарұлы жетекшісі Ордабекова Тұрсынкүл Байтемірқызы, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті «Тарих» кафедрасының 4 курс студенті Қуанышбек Жалғас Асқарбекұлы жетекшісі Биназарова Назым Нурлановна, Тараз қаласы Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті Базарбаева Жансезім жетекшісі Турысбекова Дина Куралбаевна, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих» кафедрасының 1 курс студенті Шохай Әсел Бахытжанқызы жетекшісі Кобесова Акнур Смаиловна, Жамбыл жоғары политехникалық колледждің 2 курс студенті Басманов Серикбек Бауыржанович жетекшісі Божбанова Карлыгаш Аскаровна, МКҚК Қордай ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Сатыбалдиев Ерзат Досжанұлы жетекшісі Шойбекова Ляззат Танатбековна, Тараз қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия 9 «Б» сынып оқушысы Қойшан Інжу Серікқызы жетекшісі Серикбаева Жулдуз Асхановналардың жұмыстары ерекше назар аударды.

жошы нов1111

жошы нов2222

жолшы нов3333

жошы ноав4444

жошы нов555

 

Прочитано 185 раз
Top