«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚТЫ САҚТАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ»

Дулати университетінің қабырғасында «Академиялық адалдықты сақтау – ортақ міндет» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Әлеуметтік жұмыс басқармасы және «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті бастауымен өткен кездесуде жастарды шыншылдыққа тәрбиелеп, туған жердің топырағына мейлінше қалтқысыз қызмет етуге баулу басты назарда екенін алға тартты.

Жиын басында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Таңшолпан Бақытәліқызы сөз алып, «Адалдыққа сенім артқан қоғам құру – әрбіріміздің міндетіміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін оның кез-келген тұрғыны әділетті де адал болуы керек. Біз де осы тұрғыда жұмыстар атқарып, жастардың әділдік жолынан таймауына өз үлесімізді мейілінше қосу жолындамыз.»,- деді тәртіп сақшысы.

Әлеуметтік жұмыс басқармасының бас маманы Бахтияр Қаржаубайұлы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық деп қабылдауы. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңмен бекітілген. Соның аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылып жатыр.»,- деді.

Кездесу соңында студенттер спикерлермен еркін форматта пікір алмасып, адал азамат идеясын талқылады.

Қорытындылай келе, адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. Демек,адал қоғамды құру баршамызға ортақ міндет.

ортак мындет1111

ортак мындет2222

ортак мындет3333

ортак мындет4444

 

Прочитано 131 раз
Top