XXVII СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БІРІНШІ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Дулати университетінің қабырғасында факультеттер арасында XXVII студенттік ғылыми-практикалық конференцияның 1-ші іріктеу турының секциялық отырыстары басталды.

1-ші турға қатысу үшін үміткерлердің мақалалары кемінде 60% өзіндік ерекшелігімен плагиаттан өткен студенттер ғана жіберілді. Секциялық отырыстарда сөз сөйлеу үшін барлық студенттер баяндама дайындап, қазылар алқасының мүшелеріне ұсынды.

Технологиялық факультеттің «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының секциялық отырысында 3 курс студенті Диана Темірханның «Университеттің визуалды сәйкестендіру элементтерінің ребрендингіндегі шығармашылық ізденіс» тақырыбында баяндама жасаса, «Интерьер дизайны» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ақнұр Қайрат «Интерьердегі түстің адамның психоэмоционалды жағдайына әсерін талдау» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды баяндама жасады. «Жарнама дизайны» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Дәурен Абетай, Бақдаулет Сами «Балалар әдебиеті» баспасының тапсырмасы бойынша «Комикстің балалардың қабылдауына әсер ету психологиясын зерттеу және басылымға комикс жобасын құру» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысында өз ойларын ортаға салды.

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті «Практикалық шет тілдері» кафедрасының секциялық отырысында «Конвергенттік журналистика» білім беру бағдарламасының студенті Назым Қадырбектың «Ағылшын тілін үйренудегі нейрожелінің артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында баяндама жасады. «Интерьер дизайны» білім беру бағдарламасының студенті Августин Люфт «Шет тілін оқытудағы чат-боттардың рөлі: өзара әрекеттесудің тиімді әдістері» тақырыбында баяндама жасады. «Әлем тілдері» кафедрасының секциялық отырысында «Шет тілдері мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Меруерт Қазбек «Prosand consof digital educational environment» тақырыбында баяндама жасаса, 3 курс студенті Жанель Ташболатова «Impact of digital communucation in learning English language» тақырыбында, 4 курс студенті Венера Молдакулованың «Enhancing speaking skills at the intermediate stage» тақырыбындағы баяндамалары қызықты әрі мазмұнды болды.

«Экономика және құқық» факультеті «Қаржы және есеп» кафедрасының секциялық отырысында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Диана Байділдаева «Бюджет тапшылығын жабу үшін ҚР Ұлттық қорының қаражатын пайдаланудың салдары» тақырыбында баяндама жасап, қорды сақтау және ел экономикасын нығайту жайлы ұсыныстар айтылды. 2 курс студенті Алшагүл Әділқан «Қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері» тақырыбындағы баяндама жасап, халықтың қаржылық сауаттылығының қажеттілігін және оны арттыру шараларын түсіндіріп өтті.

Айта кету керек, факультеттер арасында XXVII студенттік ғылыми-практикалық конференцияның 1-ші іріктеу кезеңінің секциялық отырыстары 2024 жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады.

секция1111

секеция22222

секция3333

секция4444

 

Прочитано 159 раз
Top