АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы және Тараз қаласының орта мектеп оқушылары арасында Облыстық ағылшын тілінен эссе жазу байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – тақырыпты ашып, мазмұн дәлдігі мен мәтін логикасына аса мән беріп қойылған талаптар үдесінен шығу. Оқушылардың алған білімдерін бекіте отырып, жазу сауаттылығын арттыру. 

Байқауға қатысуға 74 мектептен өтініш қабылданды. Білімгерлер "What Can Be Done to Make AI Tools Effective for English Learners?" тақырыбында эссе жазды. Эссе байқау тақырыбына сай болып, автордың жеке ұстанымын, өз пікірін негіздеу қабілетін көрсете білуі талап етілді.

Білімгерлер арасында өткен эссе байқауының қорытындысы шығарылып, комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде, жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды. Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылардың мектеп басшылығына алғыс хаттар табысталды.

Білімгерлер ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да жоғары көрсеткіштерді бағындыратынына сенім білдірді.

Прочитано 98 раз
Top