ТАРАЗДА МЕНДЕЛЕЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Таразда Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Казфосфат» ЖШС бас директоры Пак Евгенийжәне Д.И.Менделеев атындағы РХТУ ректорының м.а. Евгений Румянцев лентаны қиды.

Ашылу салтанатына РФ Президенті жанындағы ғылым және білім саласындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Александра Тутова, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов, «Қазфосфат» ЖШС, «Уралхим БХК» АҚ, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС, «ЕвроХим» минералды-химиялық компаниясы» АҚ, «НДФЗ» ЖШС өкілдері, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Д.И.Менделеев атындағы РХТУ басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзбен ашып,  Тараз қаласында РХТУ филиалының ашылуы химия саласын өркендетуге бастайтын басты қадамның бірі екеніне тоқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жетекші университеттердің кемінде бес филиалын ашу туралы тапсырмасын айта отырып,  бұл бастама Президент тапсырмасын орындауға бағытталған нақты жұмыстың нәтижесі екенін тілге тиек етті.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов сөз алып,  оқу ордасы жас ұрпақтың бойындағы тұлғалық қасиеттерді ұштап, білім мен тәжірибелерді игеруге, достық қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік беретін бірегей білім алаңы екенін жеткізіп, білімгерлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы құттықтау хатын оқып, сәлемдемесін жеткізді.

Жиын барысында қонақтарға арнайы экскурсиялар ұйымдастырылып, зертханалық және компьютерлік сыныптар мен мұражайды аралады.

Тараз қаласында ашылған филиал жайлы ақпарат беру мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі ұйымдастырылды. Д.И.Менделеев атындағы РХТУ ректорының м.а. Евгений Румянцев сөз алып, химия саласында  ғылыми-технологиялық және өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті халықаралық білім беру стандарттары деңгейінде мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау міндеті тұрғанын тілге тиек етті.Дулати университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов өз сөзінде, білім берудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудың, химия саласында жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында Қазақстанда РХТУ филиалының ашылуы - халыққа пайдалы бастаманың бірі екенін жеткізді.

РХТУ-дың Тараз қаласындағы филиалы 2024 жылғы 1 қыркүйегінен бастап «Химиялық технология» дайындық бағытының «Бейорганикалық заттар технологиясы» бейіні бойынша 30 студенттен тұратын алғашқы тобын қабылдап, сабақ жүргізіп жатыр.

Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз қаласындағы құрылған филиалы Қазақстанның фосфор минералды тыңайтқыштарын өндіру бойынша индустриялық әріптес-көшбасшысы «Қазфосфат» ЖШС қолдауымен химиялық инженерия және өнеркәсіп саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта филиалда жалпы, бейорганикалық және аналитикалық химия, органикалық химия, физика және тіршілік қауіпсіздігі бойынша 4 зертхана сатып алынды, дәрістер, семинарлар мен практикалық сабақтар өткізу үшін жаңа екі компьютерлік сынып, конференц-зал және аудитория енгізілді.

филиал1111

фмлиал2222

филиал3333

филиал4444

филиал5555

филиал6666

филиал7777

филиал888

филиал9999

филиал10 10

филиал11 11

филиал12 12

филиал13 13

 

 

Прочитано 133 раз
Top