ҚҰРМЕТТІ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОПҚ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру ҚР ҒжЖБМ ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/740147?lang=ru жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.

ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТАР АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСҚА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНЫЛАДЫ:

1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түрінде ғылыми жұмыс (бестен аспайтын);

2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негiзгi ғылыми нәтижелерi, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа парағының жартысынан аспайтын);

3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзiндi;

4) сыйлық алуға үміткердің негiзгi қызмет орнынан анықтама;

5) сыйлық алуға үміткердің (ұжымдық жұмыстары үшiн) шығармашылық үлесi көрсетiлген ғылыми қызметiне қысқаша сипаттама;

6) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама;

7) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

8) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯЛАР АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСҚА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНЫЛАДЫ:

1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжді қолдаухаты (ұсынымы);

2) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;

3) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңызды жұмыстарының баспа-таңбалары (бестен аспайтын);

4) енгізу актісінің көшірмесі (болған жағдайда);

5) карталық базада қолданыстағы жиырма сандық ағымдағы шоты туралы хабарлама.

БАЙЛАНЫС ҮШІН:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:

+7 (727) 364 -76 - 48  

+7 775- 943- 03- 05

+7 (707) 900- 32 -01

+7 (775) 959 - 62 -64

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ (АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ):

+7 (7172) 73 50 89, 1818

Прочитано 62 раз
Top