×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

КӨМЕК БЕРУДЕН БІРІНШІ БОЛ

 

 «Біз біргеміз» еріктілер жылы аясында  «Көмек беруден бірінші бол»  атты алғашқы медициналық  көмек корсету іс-шарасы өтті.

 

Аталмыш іс-шараны универсиетіміздің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Арнат Ұлтанбаевпен  Заң факультетінің белсенді студенттері ұйымдастырды. Іс-шараға қаламыздағы «Даримет» медициналық орталығының бас дәрігері Жанар Нұрдаулетқызы және терапевт дәрігері Дильноза Хайдарбекқызы  қатысты. Мамандар студенттерге алғашқы көмек көрсету барысында қолданатын әдістер жайында  дәріс оқыды.  Дәріс беру арқылы ғана емес тәжірбиелік тұрғыдан да алғашқы дәрігерлік көмектің қалай дұрыс қолдану керектігін айтты. Жүрек қағысын тыңдау, мұрынға құлақ тосып демалысын тыңдау,10 секунд ішінде демалмай тыныссыз жатканына көз жеткізіп, оны тегіс жерге  шалқасынан жатқызып 30 рет массаж жасау жолдарын көрсетті. Бұл іс-шараны ұйымдастыруға өз үлеісін қосқан  Заң факультетінің студенттік деканы Ернар Жылысбеков шараның маңыздылығы жайында айтты.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2196 раз
Top