ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ

«Әлеуметтік жұмыс басқармасы» жанындағы «Жастармен жұмыс» бөлімінің ұйымдастыруымен  «Ұлттық киімдер қазынам» атты белсенді жастар арасында жарыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты – ұлттық киім тек сыртқы сұлулығымызды ғана емес, халқымыздың рухани бай әлемін, қолөнері мен шеберлігін бейнелейтінін жеткізіп, жас буынға насихаттау.

Жарыс талабына сәйкес, белсенді жастар ұлттық киімдермен келуі шарт болды.

Сайыс барысында қатысушылардың ұлттық киімдері қазақ дәстүріне сәйкестігі мен шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланды.

Нәтижесінде, Олжабай Ерсұлтанұлы, Сабина Жұмабек, Севара Абдыхалыкова жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

кундылыктар111

кундылыктар2222

 

 

Прочитано 112 раз
Top