ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен «Егемен Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері: мәні мен мазмұны» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция мақсаты – мемлекеттілік идеялардың негізгі басымдылықтарын нығайту, тұтастық пен тәуелсіздікті сақтау арқылы Қазақстан Республикасын жаңа деңгейде қалыптастыру.

«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, т.ғ.к.,профессор Сейдахан Бақторазов модератор ретінде конференцияның маңыздылығына тоқталып, озық ойлы ұлт болуды меңзейтін бірқатар идеологиялық ойларымен бөлісті. Көк байрақ туымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы екенін сөз етті.

Жиын барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер бірқатар маңызды баяндамалар жасады.

Алғашқы болып «Білім берудегі Тарих және география» кафедрасының доценті Гулжан Идрисова «ХХ ғасырдың қазақ зиялыларының саяси қоғамдық қызметіндегі ұлттық мүдденің көрінісі» тақырыбында баяндама жасап, өзіндік ой-пікірімен бөлісті

«Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Аида Альдибаева «Туым теңдігім - Мемлекеттік ту» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде, Мемлекеттік ту- тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, биік мәртебеге ие болғаны жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, бірінші курс студенттері Арайлым Айтжан «Ұлттық рәміз- Ұлттық нақыш» тақырыбын талқыласа, Арман Акимов «Жаңа елдің рәміздері» тақырыбында баяндама жасады.

Төртінші курс студенттері Назым Өтепбергенова «Егемен Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері: мәні мен мазмұны» тақырыбында, Елнұр Қайдар «Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздер» тақырыбында, Жалғас Қуанышбек «Рәміздер тарихы; Қазақ хандығы мен оның рәміздері» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Конференция соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, еліміздің даму жолындағы қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.

новый рамыз1111

новый рамыз2222

новый рамыз4444

новый рамыз5555

 

Прочитано 110 раз
Top