ӨНДІРІСТІК ӨНІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Дулати университеті қабырғасында Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен әрі «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен «LF Company» өндірістік компаниясының түйе сүтінен өндірілген өнімдері таныстырылды.

Кездесуге «LF Company» өндірістік компанияның мүшелері, Басқарма Мүшесі Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Жиынның мақсаты – жиналған жұртқа түйе сүтінен өндірілген жаңа өнімдерді таныстыра отырып, адам ағзасына пайдасын жете түсіндіру.

Жобаның ғылыми жаңалығы – сүт қышқылы бактерияларының әртүрлі түрлерін біріктіру арқылы диеталық және емдік-профилактикалық қасиеттері бар түйе сүтін қолдану арқылы жаңа өнімдерді өндірудің ғылыми негізделген технологиясын әзірлеу.

«Ақ алтын» сауда белгісімен шығатын түйе сүті, йогурт, сүзбе және ірімшік секілді пайдалы құрамға ие. Өнімнің құрамындағы альбумин адам ағзасына таптырмайтын ақуыз. Сонымен қатар А, С, В1 В2, В6 тобының дәрумендері мен Са, P, Fe минералды заттары бар.

Жиын соңында өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, қатысушылар тарапынан туындаған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, өндіруші мамандар консерванттар, тұрақтандырғыштар мен бояғыштарды пайдаланбай заманауи, сұранысқа ие, ең бастысы табиғи отандық өнімді қолдауға шақырды.

онымдер1111

онымдер2222

онымдер3333

онырдер444

 

Прочитано 192 раз
Top