ДУЛАТИЛЫҚТАР «ENACTUS WORLD CUP 2024» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА

Қазақстанда алғаш рет 33 елдің студенттік командаларын біріктірген, кәсіпкерлік пен бизнестің әлем кубогы «Enactus World Cup 2024» өтті. Атап айтқанда, Канада, Германия, Тунис, Марокко, Бразилия, АҚШ, Италия, Австралия, Үндістан, Зимбабве және Enactus қауымдастығына кіретін басқа да елдер қатысты.

Чемпионат мақсаты – студенттердің әлеуметтік кәсіпкерлік пен тұрақты даму саласындағы жаһандық ынтымақтастық пен тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Жарыста өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығып, қазылар алқасы мен қатысушылардың құрметіне ие болды. Команда «Sweet Rainbow» және «Gallus» жобаларын ұсынды. Студенттеріміз финалға өте алмағанымен, олардың жобалары халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.

Чемпионат барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері еріктілер ретінде қызмет етіп, «Enactus World Cup 2024» әлем кубогының сәтті өтуіне елеулі үлес қосты. Университет еріктілері командалар мен ұйымдастырушыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, әлеуетті серіктестермен және демеушілермен байланыс орната алды.

Өз кезегінде Enactus Dulaty командасы екі рет Ұлттық чемпион атанған болатын. Enactus Dulaty командасы алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін «Іскерлік ынтымақтастық форумы 2024» және Астана қаласында өтетін «Enactus Ұлттық EXPO 2025» көрмесіне жол тартпақ. Командаға табыс пен жеңіс тілейміз.

кубок41111

кубок2222

кубок 3333 нов

 

 

Прочитано 137 раз
Top