«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Су ресурстары» кафедрасының ұйымдастыруымен «Су ресурстары және суды пайдалану», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», «Су ресурстарын басқару» және «Елді мекендерді сумен қамту және суын бұру» мамандықтары бойынша өздігінен білім алу үшін мүмкіндіктер беру мақсатында «Қазсушар» ЖФ РММ базасында су шаруашылығы өндірісінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар және «Қазсушар» ЖФ РММ-нің қызметкерлері қатысты. Басты мәселе «Су ресурстары және суды пайдалану», «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» және «Елді мекендерді сумен қамту және суын буру» мамандықтары бойынша өздігінен білім алу үшін мүмкіндіктер беру мақсатында «Қазсушар» ЖФ РММ базасында су шаруашылығы өндірісінде жас мамандарды, магистранттарды және докторанттарды жұмысқа тарту туралы әңгіме қозғалды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру үдерісіне жастарды тарту және талқылауды ұйымдастыру болып табылады.
Алғы сөзді «Қазсушар» ЖФ РММ-ң директорының орынбасары Зарубаева Ғалия Ғаббасқызы бастады. Біздің өндіріс орнында «Су ресурстары» кафедрасының филиалы ашылғалы бері тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Оған дәлел ретінде кафедра студенттерінің кәсіпорында тағылымдамадан өту тәжірибелері жатады. Әрине тағылымдама міндетті түрде екі жақ арасында жасалған келісім шарттар негізінде жүргізіледі. Су шаруашылығы мамандарын дайындаудың тиімді жолдарының бірі "Қазсушар" РММ ЖФ базасында кафедра филиалын құру болып табылады.
Филиалдың негізгі мақсаты - кафедраның практикамен байланысын нығайту, студенттердің практикалық дайындығын арттыру, зерттеу базасын кеңейту.
Кафедра филиалындағы студенттердің тәжірибесі су шаруашылығында басқару әдістерін зерттеуге, жұмысты жоспарлаумен, кәсіпорында сабақ өткізу формаларымен және жиналыстарды, планеркаларды, кәсіпорын мәжілістерін ұйымдастыру және өткізу технологияларымен танысуға мүмкіндік береді.
Оқу процесінің барысында да табысты болуы және бәсекеге қабілетті болуы үшін тәжірибелік дағдыны енгізу арқылы болашақ мамандарға кәсіптік түсінік қалыптастыруды мақсат тұту - «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» дамытудағы маңызды мәселе екенін атап айтуға болады.
Оқу процесінің барысында тәжірибелік дағдыны енгізу арқылы болашақ мамандарға кәсіптік түсінік қалыптастыруды мақсат тұту - «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» дамытудағы маңызды мәселе екенін атап өтті.
«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі Жолдасов Сапарбек Құрақбайұлы өз сөзінде: «2019-2020 оқу жылында қабылданған жаңа оқу бағдарламалары үш бағыт «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» және «Елді мекендерді сумен қамту және суын бұру» бойынша қабылданды. Бұл мамандықтардың қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, халықаралық критерийлерге сәйкес келетін, инновациялық тұрғыда ойлайтын және отансүйгіштік сезімде тәрбиеленген мамандарды даярлауда өз үлесін қосады деп сенеміз.
«Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызы: Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Әсіресе су шаруашылығына қатысты мамандық таңдағанда, әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, озық шешім таба алатын маман болуға дайындау керек екендігін айтты.
«Қазсушар» ЖФ РММ базасының бөлім басшылары да дөңгелек үстелге белсене қатысып, өз тілектерін және ұсыныстарын жас студенттерге түсіндіріп айтып берді.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға жастардың қатысуы бойынша ұсыныстар жасады. Қазсушар" РММ ЖФ базасының басшылары үлкен рахметімізді айтамыз.
медиа-қызмет