«Сапа мәдениетін дамыту» жөніндегі оқыту семинары өтті

«Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» (НААР) сыртқы сарапшыларының жақсарту жөніндегі ұсынымдарын жүзеге асыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 2024ж. 24-27 қыркүйек аралығында «Сапа мәдениетін дамыту» тақырыбына оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарға жоғары басшылық және әкімшілік-басқару сатысының өкілдері, құрылымдық бөлімше басшылары,  оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ш.Есимова және Стратегиялық даму басқармасының басшысы Ж.Дарибаевтар семинар барысында институционалдық сапаны камтамасыз ету тетіктері және сапаны камтамасыз етудің ішкі жүйесі тақырыптарын қамтыды. Сонымен қатар, корпоративтік мәдениет элементтері мен сапаны қамтамасыз етудің сыртқы жүйесі, ISO және ESG стандарттары, сапаны қамсыздандырудың ұлттық моделі мен принциптері, құжаттандыру процедуралары және категориялары, сапаны басқару құралдары мен әдістері тақырыптарына баса назар аударылды. Сондай-ақ, семинар барысында ақпаратты басқару, процестік және жүйелі тәсілдемелер, ұдайы жақсарту, студенттер мен мүдделі тараптарға бағытталу мәселелерінің маңыздылығы сөз болды.

Әр семинар соңында курс материалдарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қатысушыларға тестілеу ұйымдастырылды.  

IMG 20241001 WA0004

3

2

1

IMG 20241001 WA0013

Стратегиялық даму басқармасы

Прочитано 194 раз
Top