ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНА АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 17.09-20.09.2024ж. аралығында Даму бағдарламасының №4 қосымшасының орындалуы бойынша түсіндіру семинар-кездесулері ұйымдастырылды.

Семинарға академиялық, ғылым, халықаралық ынтымақтастық департамент директорлары, тіркеу офисі, онлайн оқыту бөлімі, персоналды басқару қызметі, әскери кафедра, кітапханалық-ақпараттық орталығы, жобалық басқару және цифрландыру орталығы, Қаратау тау-кен технологиялық колледжі, қабылдау комиссиясы, бухгалтерия, жоспарлау-экономикалық басқармасы, әлеуметтік жұмыс бөлімі сияқты 27 құрылымдық бөлімдердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Дулати университеті Даму бағдарламасының №4 қосымшасы бойынша Дулати университенің Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынылатын жылдық есеп, мониторинг және көрсеткіштерді актуализациялау мәселелері талқыланды.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ш.Есимова Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі, жоспарлау құжаттарында көрсетілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелердің аралық және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу процесін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, стратегиялық құжаттар үлкен деректерді талдауға ("data driven policy design") негізделген тәсілдерді қолдануды қарастырып, аналитикалық негізделген нәтижелерді ғана жоспарлау жүзеге асырылуы қажеттігі және оған қол жеткізу ұйым, сала деңгейінде айтарлықтай өзгерістерге әкелетініне тоқталды.

Стратегиялық даму басқармасының басшысы Ж.Дарибаев Дулати университетінің 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №248 қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы, Даму бағдарламасының №4 қосымшасы бойынша Дулати университенің 2023 және 2024 календарлық жылдары орындалуы тиіс 127 индикатор мен 2025 жылға министрлік тарапынан ұсынылған 63 көрсеткіштер туралы баяндап, әр жауапты тұлға мен құрылым басшысына тиісті индикаторлар төңірегінде мәселе қозғады.

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру бөлімінің басшысы С.Телеуова №4 қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлім басшылары тарапынан орындалмаған индикатор көрсеткіштері бойынша тиісті аргумент-комментарийлер рәсімдеу туралы және көрсеткіштерді растайтын дәлел құжаттар жөнінде әңгімеледі.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

семинар1111

семинар2222

 

Прочитано 303 раз
Top