«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» АТТЫ ЖОБАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ

2024 жылдың қыркүйектің 20 күні М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайы» ғимаратындаІскер әйелдеркеңесі, «Атамекен» ҰКП және Дулати университетінің ұйымдастыруымен «Бір ауыл – бір өнім» атты жобалық тауарлар мен өнімдер ауқымды көрмесі өткізілді.Кәсіпкерлердің тауарларын отандық және шетелдік нарыққа шығару мақсатында 3 бағытта панельдік сессия ұйымдастырылды.

«Бір ауыл - бір өнім» жобасының басты мақсаты - өңірлерді дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіріп шығаруына кәсіпкерлерге қолдау көрсету.Осыкөрмеге қонақ ретіндеЖамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы Мәдібек, ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Искандиров Мұқаш Зулкарнаұлыжәне облысымыздың бизнес өкілдері қатысты.

Сертификаттаудан өткен әрі сұранысқа ие бірегей өңірлік өнімді жасауғажәне осы жобаға қатысушыларды оқыту және қолдау аясында ынтымақтыстық туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Атамекен» ҰКП арасында меморандумға қол қойды. «Бір ауыл - бір өнім» жобасы бойынша, өнімдер маркетингтік қолдауға ие болып, брендттеліп, сертификатталатын болады. Бұл жергілікті тауарларға деген сұранысты арттырып, экспортқа шығуына мүмкіндік беретіні анық.

Бүгінгі күні ұйымдастырылып отырған іс-шара –жергілікті кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға берер мүмкіндігі мол.

ярмарка1111

ярмарка2222

ярмарка3333

ярмарка4444

ярмарка5555

ярмарка6666

ярмарка7777

ярмареа8888

ярмарка99999

 

Прочитано 172 раз
Top