АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дулати университеті қабырғасында білім алып жатқан ерекше студенттердің қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру және ата-аналарының талаптарын тыңдау мақсатында кездесу өткізілді.

Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен ерекше балалардың ата-аналары қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Жиынды Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректор Ләззат Калымбекқызы: Ерекше балаларды қоғамға бейімдеу тақырыбы қашан да өзекті. Қазір елімізде белгілі бір модельдер қалыптасып, инклюзивті білім беру жүйесін құру тәжірибесі жинақталды. Осы тұста инклюзивті білім берудің барлық критерийлеріне сәйкес келу үшін университет тарапынан педагогтарға арнайы курс өткізліпе, ерекше студенттерімізге ерекше қолдау жасалуда, - деп атап өтті.

Басқосуда инфорқұрылымды дамыту жөніндегі проректордың м.а. Бауыржан Мейрамбекович: Зерттеу барысында халықтың көп бөлігі осы санаттағы балалардың құқықтарын қорғауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аса хабардар еместігін байқадық және ата-аналардың өздері мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер, қандай артықшылықтар қорғалғаны туралы ақпаратты да біле білмейді. Сондықтан мұндай кездесулер мен форумдар ауадай қажет деп тауып отырмыз, - деді.

Сонымен қатар, Басқарма мүшесі - әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы: Мүгедектігі туралы анықтама мерзімсіз болған жағдайда жеңілдік оқудың барлық кезеңіне беріледі. 1 топтағы мүгедек студенттерге 100%, 2 топтағы мүгедек студенттерге 50%, 3 топтағы мүгедек студенттерге 30% жеңілдік түрлері қарастырылған,- деп атап өтті.

Ата-аналар жиналыс соңында университет басшылығына өздерін мазалап жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Алдағы уақытта аталмыш жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.

жиналыс111

жиналыс222

жианыс333

жиналыс444

жинлыс555

 

Прочитано 254 раз
Top