АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында АЭС құрылысы бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

Кездесуге «Amanat» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерғали Әбуғали, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу мақсаты– Қазақстандағы атом электр станция құрылысының жобасы бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Модератор Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы сөз алып, ел болашағы үшін атом электр станциясын салудың стратегиялық маңыздылығын, экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін сараптап, негізгі басымдықтарын тілге тиек етті.

Профессор, техника ғылымдарының докторы Жанат Түленбаев АЭС құрылысы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін нығайтуға, ғылыми зерттеулерді дамытуға, экономиканың түрлі секторларында жаңа технологияларды енгізуге ықпал ететінін жеткізді. АЭС-тың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тарифтың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында Ерғали Әбуғали АЭС құрылысының ағымдағы жоспары мен жүзеге асыру кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап, қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, Атом электр станциясын салу туралы жалпыұлттық референдум өткізу мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында экологиялық және әлеуметтік аспектілер, АЭС құрылысы бойынша жалпыұлттық референдум мәселелері, оның артықшылықтары, жұмыс принциптері және қоршаған ортаға және жалпы қоғамға әсері қозғалды.

Кездесу соңында мамандар 6 қазанда өтетін АЭС құрылысын салу бойынша маңызды шешім қабылдауға шақырды. 

угыт11111

угыт22222

угыт33333

угыт4444

угыт55555

 

 

Прочитано 327 раз
Top