ДУЛАТИ СТУДЕНТІ АСЫҚ АТУДАН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының асық ату спортынан Ерсұлтан Тоқтасын тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Дулати университетінің 3 курс студенті Ерсұлтанның асығы алшысынан түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. 15 мемлекеттен келген қатысушылармен бақ сынасқан студентіміз - кәсіби деңгейдегі спортшы.

Жерлесімізді шын жүректен құттықтай отыра, ел мерейін өсіретін жеңістері көп болсын деп тілейміз!

чемпион1111

чемпион2222

 

 

Прочитано 121 раз
Top