ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ ТЫҢДАЛДЫ

Дулати университеті қабырғасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халқына жолдауы тыңдалды.

Жиынға басқарма төрағасы-ректор, басқарма мүшелері проректорлар және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды. Мемлекет басшысы: «Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ. Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз! Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!»,- деді.

жолдау1111

жолдау2222

жолдау3333

жолдау4444

жолдау55555

жолдау6666

жолдау7777

жолдау8888

жолдау9999

жолдау10101010

 

 

 

Прочитано 352 раз
Top