ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Дулати университетіне жұмыс сапарымен Пекин қаласында орналасқан «Солтүстік Қытай электр энергетикалық» университетінің су шаруашылығы саласының профессоры Сяо Фен келді.

Кездесуге Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Гүлнұр Исабекова, «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, т.ғ.д.,Ғалия Омарова қатысты.

Кездесу мақсаты – су мәселесін оңтайлы шешу жолдарын қарастырып, сала мамандарын тарту мәселелерін талқылау. Бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Сонымен қатар, ғалым Сяо Фен бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты.

Айта кетерлігі, екі университет арасында білім беру мен ғылыми іс-қимыл саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сяо Фен «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтында жұмыс жүргізеді.

Ғалым 1 ай бойы семинарлар, лекциялар және мастер-класстар өткізіп, магистранттар мен докторанттарға консультация жүргізетін болады. Сондай-ақ, білім бағдарламалары мен оқытушылардың жазған еңбектеріне рецензиялар жазып, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен бірлескен мақалалар жариялайды деп жоспарлануда.

пекин1111

пкин2222

пекин33333

 

Прочитано 448 раз
Top