×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің ұйымдастыруымен «Білім беру бағдарламаларының өзектілігі: жұмыс берушілер мен басқа мүдделі тараптардың қатысуы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге - карьера және кәсіби даму орталығының директоры Расима Амандосова, ЖШС «Тараз Хаб» коммерциялық директоры Нурила Медерова, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Шолпан Кемелбекова, ЖСШ "Республиканский Радиологический центр" Наталья Воевода, Тараз қаласының жұмыспен қамту орталығы Айман Алимбаева және оқу ордамыздың профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Жиынның басты мақсаты бітіруші студенттердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету, білім беру бағдарламаларын іске асыруға жұмыс берушілерді және басқа мүдделі тараптарды тартудың озық тәжірибесін анықтау, түлектерді жұмысқа орналастыруға мүдделі тараптардың қатысуы бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жиынды п.ғ.к., доцент ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің деканы Гаухар Мұратова ашып жүргізіп отырды. Тараз қаласының жұмыспен қамту орталығының өкілі Айман Алимбаева өз сөзінде мекеменің қызметі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. 2020 жылдан бастап аз қамтылған азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек беруді ұсынады. Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып, кәсіптік бағдар беруді жүргізеді. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді, уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар жұмыс берушілер азаматтардың бөлек санаттарын (жетім балалар, мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар) жұмыспен қамту үшін квотаны орындайды. Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Орталыққа 16 жастан бастап зейнетақы жасына дейінгі барлық азаматтар келіп, көмек сұрауға құқылы екендігін айтып жеткізді.
Сонымен қатар, ЖШС «Тараз Хаб» коммерциялық директоры Нурила Медерова, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Шолпан Кемелбекова, ЖСШ "Республиканский Радиологический центр" Наталья Воеводалар талпынысы бар студенттерді жұмысқа алуға ардайым әзір екендіктерін жеткізді.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2284 раз
Top