ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «IELTS» ЕМТИХАНЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және «IELTS IDP» орталығы арасындағы жасалған келісім-шарт негізінде, 19-20 шілде аралығында «IELTS» емтиханы өтті.

Тест шетелдегі жоғары оқу орындарына түсу, виза алу, жұмысқа орналасу және басқа да мақсаттарда кеңінен қолданылады. Тестілеуді бақтарын сынап, 13 үміткер тапсырды.

Тест ағылшын тілінде оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдыларын бағалау арқылы жүзеге асады.

Емтихан нәтижесі 02.08.2024 күні IELTS орталығының ресми сайтында жарияланады. IELTS сертификаттарын 08.08.2024 күні Дулати университетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасынан алуға болады.

IELTS емтиханын тапсыру  – өз білімі мен мансабын ел ішінде де, халықаралық деңгейде де жоғарылатқысы келетін жастар үшін маңызды қадам.

ТЕСТ11111

Тест22222

 

Прочитано 197 раз
Top