ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ – 2024 ҰЛТТЫҚ РЕЙТИНГТЕ

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы 2024 ұлттық рейтингінің нәтижелерін ұсынды.

Институционалдық рейтингке алты санат бойынша: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және өнер ЖОО – барлығы 51 ЖОО қатысқан, ал білім беру бағдарламаларының рейтингісіне – 32 жоғары оқу орны.

Сонымен қатар, дәстүрлі түрде жұмыс берушілер, академиялық орта сарапшылары, ЖОО студенттері мен түлектері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 962 ұйым - жұмыс берушілердің өкілдері, 267 сарапшы, 19270 студент және 3941 түлек қатысқан.

Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінен басқа, агенттік білім беру бағдарламаларының рейтингін (ББ) де дайындады. ББ рейтингіне 305 білім беру бағдарламалары тобы бойынша барлығы 1180 бағдарлама қатысқан.

Рейтингте академиялық әрекеттер мен жұмысқа орналасу нәтижелері, эксперттік бағалаулар, жұмыс берушілер беделі, білімгерлер бағалауы, бітіруші түлектер бағалауы сияқты бағалауы бойынша Дулати Университеті 41,53 қорытынды көрсеткішпен 7-ші орынды иеленді.

Ұлттық рейтингтегі жақсы жетістіктермен баршаңызды құттықтаймыз!

рейтинг1111

рейтинг2222

 

Прочитано 287 раз
Top