ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев және «Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Серік Нұрақынов Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны мен ғылыми институты арасындағы Ғылым және жоғары білім саласындағы байланыстарды дамыту және нығайту туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты – білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде іскерлік өзара тиімді тараптар арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Келісім шеңберінде алдағы уақытта курстар мен семинарларды бірлесіп өткізу, магистрлік, PhD-докторлық диссертацияларға басшылық ету, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысу, студенттердің өндірістік практикасын өткізу, түлектерді жұмысқа орналастыру, зерттеулерді коммерцияландыруға, келісімшарттық зерттеулерге бағытталған гранттық қаржыландыру конкурстарына бірлесіп қатысу және т.б. әдістері бойынша өзара ынтымақтастық жасалады.

мем1111

мем2222

мем3333

 

Прочитано 142 раз
Top