ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университет базасында PAS ұйымының ұйымдастыруымен «50-ші WFK PAS жастар еріктілері бағдарламасы» (50th World Friends Korea PAS Youth Volunteers Program) атты халықаралық жазғы мектеп ашылды.

Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстан мен Оңтүстік Корея мәдениеттерінің тарихи сабақтастығы мен өзара байланысын нығайту, тілдерді дамыту және жастар арасындағы өзара түсіністік пен ізгі ниет, достықты ілгерілету.

Мәдени алмасу бағдарламасы аясында ашылған жазғы мектеп 02–12 шілде аралығында өтеді.

The Pacific Asia Society PAS (Тынық мұхиты Азия қоғамы) – 1994 жылы шілде айында құрылған жеке «Сыртқы істер министрлігінде» тіркелген коммерциялық емес ұйым және кореялық университет студенттерінен тұратын «Шетелдегі қысқа мерзімді еріктілер қауымдастығы» болып табылады.

1997 жылдан бері «Сыртқы істер министрлігі», «Білім министрлігі», «Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA)» және «Корея Республикасының Ұлттық университеттерінің» қолдауымен PAS Оңтүстік-Шығыс Азияның 20 еліне 10 743 PAS жастар қауымдастығы еріктілерін Орталық Азия және Африка елдеріне  жіберді.

WFK PAS Жастар қауымдастығы атынан Оңтүстік Корея Республикасынан Қазақстанға 22 еріктілер келді.

Жазғы лагерь барысында «Кәріс тілі», «Кәріс мәдениеті», «Қазақ тілі», «Қазақ мәдениеті» және «Орыс тілі» секілді сабақтар өткізіледі. Жергілікті тұрғындар мен студенттер арасында әр түрлі сабақтан тыс іс-шаралар мен Кореядан келген еріктілерге арнап Тараз және Алматы қалаларына шағын тур ұйымдастырылады.

WFK PAS Жастар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылып отырған мәдени шара екі ел арасындағы білім және мәдениет алмасу арқылы дамуға ықпал ететін маңызды мүмкіндік.

корея1111

корея2222

корея3333

корея4444

корея5555

корея6666

 

Прочитано 522 раз
Top