ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАЛДЫ

Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің магистранты магистрлік диссертациясын қорғады.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Корпоративті ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасының магистранты Нұржан Шакенов «Бұлттық кітапхана жүйелері үшін ақпаратты іздеуді лингвистикалық қолдау моделін әзірлеу» тақырыбында Браганса Политехникалық университетімен (Португалия) онлайн режимде қорғады.

Зерттеу жұмысында дәлдік пен өзектілікті арттыру үшін озық лингвистикалық әдістерді қолданып, бұлттык кітапханаларда ақпарат іздеуді жақсарту мәселелері қарастырылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жетекшілері – «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Айгүл Тунгатарова және Браганса политехникалық университетінің профессоры Руи Педро Лопес. Қос тараптың комиссия мүшелері жұмысты «өте жақсы» деп бағалады.

Қорғау соңында университеттің профессор-оқытушылар құрамы барлық қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынас нығая түсетініне сенім білдірді.

десертация1111

десертация222

 

 

Прочитано 303 раз
Top