ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЙЛЬБРОНН ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

DAAD бағдарламасы аясында Германия Федеративтік Республикасы, Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары мен 6В04128 – Менеджмент, 6В04114 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04112 – Бизнес менеджменті білім беру бағдарламаларының студенттері 2024 жылдың 15 - 23 маусымы аралығында «Жазғы мектеп» жобасына қатысты.

Жоба барысында қатысушылар Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетінің Халықаралық бизнес факультетінің академиялық ұтқырлық саясатымен, студенттердің инновациялық startup жобаларды жүзеге асыру үрдісімен, университеттегі студенттік өмірмен танысты.

Сонымен қатар, студенттер аталған университеттің профессорларының менеджмент саласы бойынша дәрістерін тыңдап, шетелдік студенттермен әр түрлі экономикалық тақырыптарда пікірталас жүргізді.

Хайльбронн қаласындағы Experimenta – ғылыми орталығынаэкскурсия жасалды. Әсіресе орталықта орналасқан студенттердің зерттеулер әлеміндегі лабороториялары студенттерде үлкен қызығушылық туғызды.

Университет жергілікті өндірістік-кәсіпкерлік саламен тығыз жұмыс істейді, сондықтан аймақ дуальды білім беру жүйесін кеңінен қолданумен танымал.Олардың өндірістік серіктестерінің қатарында сол аймақта орналасқан «PORSCHE», «BOSCH», «AUDI» сияқты ірі компаниялар бар.

Аталған университеттегі өндірістік оқытудың жүзеге асырылуымен танысу мақсатында студенттер «AUDI» зауытындағы өндірістік процесспен және «PORSCHE» зауытының мұражайымен танысты.

Аталған жоба шеңберінде екі университет арасындағы келесі жұмыстар бойынша келісімдерге қол жеткізілді:

- «Іскерлік әкімшілік» EMBAбілім беру бағдарламасы тыңдаушыларының аталған университетте шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі;

- «Іскерлік әкімшілік» EMBA біріккен білім беру бағдарламасын ашу;

- студенттер мен оқытушылар үшін екі университет арасындағы академиялық ұтқырлық бойынша байланысты одан әрі дамыту;

- екі университет студенттері арасында ғылыми конференция өткізу;

- Хайльбронн қолданбалы ғылымдар университетінде«Жазғы мектеп» жобасының жыл сайын өткізілуі.

германия111111

германия22222

германия3333

 

Прочитано 312 раз
Top