ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында білім алған 1979-1984 жылғы  түлектердің кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты – қара шаңырақта білім алып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет жасап, табысқа жеткен тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау.

Кездесу модераторы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының 1984 жылы бітірген түлегі Болат Бадаубеков түлектерге жылы лебізін білдіріп, еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін мақтаныш екенін тілге тиек етті.

Кездесуге Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының профессор-оқытушылар құрамы , «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының директоры, т.ғ.д., қауымдастырылған профессоры Ғ.Е.Омарова, «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының профессоры Б.А.Алимбаев, «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. А.А. Абдураманов, «Казақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу» институтының бас директоры, а/ш.ғ.д. профессор Н.Н. Балғабаев, ардагер ұстаз-гидротехник, т.ғ.к, қауымдастырылған профессор Ғ.М.Зарубаев арнайы келді.

Замандастарының жүріп өткен жолдары, атқарған еңбектері жөнінде ерекше тебіреніспен еске алған түлектер өздерінің қызықты оқиғаға толы студенттік естеліктерімен бөлісті. Бүгінде түлектер өмірден өз орындарын тауып, әрқайсысы бір-бір шаңырақтың түтінін маздатып отыр.

Кездесу концерттік бағдарламаға ұласып, студенттер әнмен әуелетіп, күмбір күйден шашу шашты. Мың бұрала билеген бұрымдылар түлектер көңілін бір серпілтіп тастады.

Кездесу соңында түлектер университет басшылығы мен  профессор-оқытушылар құрамына  ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектес екендерін жеткізді.

40 жыл 1111ъ

 

 

 

 

Прочитано 250 раз
Top