Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының бірінші ректоры Р.Ж.Жолаевтың құрметіне ескерткіш тақтасы орнатылды

Дулати университеті қабырғасында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында білім алған 1971 жылғы  түлектердің кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты  –  Қазақстан Республикасының ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚазҚСРО-ның еңбек сіңірген гидротехнигі, т.ғ.д., профессор Рахмет Жолаевтың құрметіне ескерткіш тақтасын орнату.

Кездесуге Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының профессор-оқытушылар құрамы ,ректор кеңесшісі М.Н.Сенников,«Су ресурстары» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ғ.Е.Омарова, «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының директоры, т.ғ.д., қауымдастырылған профессоры, Б.А.Алимбаев, т.ғ.д., «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының профессоры, Ә.С.Сейтказиев, т.ғ.д., «Мелиорация және агрономия» кафедрасының профессоры, Л.С. Харчук, «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. және Ғ.М.Зарубаев ардагер ұстаз-гидротехник, т.ғ.к, қатысты.

Кездесу модераторы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының 1971 жылы бітірген түлегі, ҚР Су шаруашылығының еңбек ардагері Нұртаза Құдайбергенов кездесудің маңыздылығына тоқталып, орнатылған ескерткіш тақта арқылы белгілі тұлғаның оқу ордасында еңбек еткенін, білім беру саласында қосқан зор үлесін жастарға ұғындыру екенін жеткізді.

Аталмыш естелік тақтайша өзінің ұстаздық ғұмыры өткен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қабырғасына ілінді.

Кездесуге 1971 жылғы бітірген түлектер қатарынан А.М.Мамажанов «Казюжгипроводхозстройгранит» мекемесінің директоры, Н.Н. Балғабаев , «Казақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу» институтының бас директоры, а/ш.ғ.д. профессор, А.Қ.Кешимов, ҚР Аралды құтқару халықаралық Қорының орындаушы дирекциясының бас маманы, Ю.Б.Айдарбеков, ҚР Су шаруашылығының еңбек ардагерлері А.Вотяшев, Ә.Қ.Баялиев, А.Өтебаев арнайы келіп, су мамандары еліміздің экономикасы мен экологиясына және даму деңгейіне қаншалықты әсер етіп жатқандарын талқылады.

Шақырылған қонақтар мен алыстан келген түлектер сөз алып, өздерінің қызықты оқиғаға толы студенттік естеліктерімен бөлісті. 

Кездесу соңында түлектер университет басшылығы мен  профессор-оқытушылар құрамына  ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектес екендерін жеткізді.

тактайша1111

тактайша2222

тактайша44444

 

 

 

 

Прочитано 361 раз
Top