ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ 4 ЖОБАСЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ұйымдастыруымен өткен 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс  жеңімпаздары анықталды.

Жыл сайынғы "Жас ғалым" жобасы бойынша және Жас ғалымдар байқауына Дулати университетінен 18 үміткер қатысты. Оның ішінде 11 жоба ресми тексеруден өтті, ҰҒК (Ұлттық ғылыми кеңестің) қарауына 7 жоба берілді, оның ішінде Дулати университетінің 4 ғалымының жобалары гранттық қаржыландыруға ие болды. Қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 179 миллион теңгені құрайды.

Үздік жоба авторлары:

1) А. Мурзахметов ИРН–AP22786059 «Жасанды интеллект негізінде туристердің қалауы мен мүдделерін айқындау үшін веб-ресурстарда семантикалық талдау әдісі мен алгоритмін әзірлеу» жобаны қаржыландыру көлемі 89 279 315 теңгені құрады;

2) Е. Ерубаев ИРН-AP22683999 «Функционалдық жабындылары бар су төгетін бөгеттердің конструкциясын зерттеу және әзірлеу» жобаны қаржыландыру көлемі 29 971 520 теңгені құрады;

3) Ж. Шукаманов ИРН-AP22685501 «Пойыздар қозғалысын интервалды реттеу жүйелерінің теміржол желілерінің өткізу қабілетіне әсерін бағалау» жобаны қаржыландыру көлемі 29 925 055 теңгені құрады;

4) А. Дарменбаева ИРН–AP22686347 «Ағынды суларды тазарту үшін биокомпозиттер әзірлеу» жобаны қаржыландыру көлемі 29 836 583 теңгені құрады.

 

Прочитано 508 раз
Top