ІІ ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ!

5-10 аралығында Түркістан қаласында өткен ІІ Түркі Универсиадасы аяқталды. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі атап өткендей жарыстың негізгі мақсаты Түркі елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту деп атап өтті.Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия және Мажарстан (Венгрия) мемлекеттерінен келген 450 жуық спортшы қатысып, есте қалардай керемет іс-шара өтті десем артық болмас.

Медальдік есепке келетін болсақ бұл жолы жалпы командалық есепте І орынды Өзбекстан Республикасы иеленді. Қоржындарында 11 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль.ІІ орын Қазақстан Республикасы иеленіп отыр. 9 алтын, 6 күміс, 12 қола медаль.ІІІ Орын Әзірбайжан Республикасы. 7 алтын, 7 күміс, 12 қола медаль иегері атанды.ІV орынды 7 алтын, 5 күміс, 1 қола медальдік есесте Түркия мемлекеті иеленді.V орынды Қырғызстан Республикасы жеңіп алды. 2 алтын, 9 күміс, 13 қола медаль иеленді.VІ орынды Мажарстан спортшылары иеленіп қанжығасына 1 алтын, 1 қола медаль иеленіп отандарына аттанып кетті.Келесі ІІІ Түркі Универсиадасы Қырғызстан Республикасында жалғасын табады.Осы Универсиада спортшыларға естен кеспестей ерекше мереке болғаны анық. Студенттер жаңа дос, жаңа әдіс, жаңама жарысты көріп оң бағаларын берді.Ардақты жанкүйерлер, ұйымдастырушылар сіздерге алғыс айтамын!Жеңіс тұғырынан көріне берейік Қазақстан!

9 ноябрь1111

9 ноябрт2222

 

Прочитано 376 раз
Top