ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Дулати университеті қабырғасында Дарынды  ер балаларға арналған  «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушыларына оқу ордамыздың ішкі жұмыстары таныстырылды.

Түсіндірме жұмыстары Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлының қатысуымен өтті.

Оқушылар бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері, қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттары, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты.

Білімгерлер университет тарихымен де біршама танысып, түлектеріміздің марапаттарын тамашалады. Сонымен қатар, студенттік телестудияның да тыныс-тіршілігін көріп, ондағы мамандардың жұмысына қатысты сұрақ қойып, жауап алды.

Телестудия төрінде оқушылар өздерін бір сәтке диктор сезініп, жұмыс жасау тәсілдерімен танысып, университет ұжымына өз алғыстарын білдірді.

мектеп3333

 

 

Прочитано 549 раз
Top