БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Карьера және бизнес серіктестік орталығының ұйымдастыруымен  «ZERDELI» ақыл-ой дамыту” орталығының директоры Жанат Алтаевпен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – бітіруші түлектерге жас маман атанып, жаңа еңбек жолын бастар шағында бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңеспен бөлісу. Сондай-ақ, талантты және креативті жастарды іріктеу арқылы педагогика бағытындағы мамандықтардың кадрлық әлеуетін күшейту және жаңарту. 

Кездесу барысында Ұлыбританияда “Болашақ” халықаралық бағдарламасымен білім алған Жанат Тұрсынбекұлы студенттерге «ZERDELI» мектебінің ерекшелігі туралы, оған керек мамандардың тізімін және жұмысқа қабылдану тәртібін түсіндірді.

Жанат Алтаевтың айтуынша, «ZERDELI» мектебі 5 облыс орталығында ашылған, қазіргі таңда тағы 2 білім беру орталығы ашылуға дайын. Мектептке мұғалім ретінде қабылдану үшін маман арнайы тест тапсыратын болады. Тестілеуден ойдағыдай өтсе, бірден сертификат беріліп, «ZERDELI» мектебіне қабылданатынын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жататын орны мен көшіп-қонуына қаражат бөлініп, білім ордасында 2 мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз ететіндерін жеткізді.

Кездесу соңында студенттер толыққанды мағлұматтар алып, өз қызығушылықтарын білдірді.

педагог1111

 

 

 

Прочитано 437 раз
Top